Бейнегалерея

Администратор

Администратор

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 14:24

«Бүркіт» ӘПК

Қашан құрылды: 28.02.2015 ж. Астана қаласы әкімдігінің  «№ 74 мектеп-гимназия» КММ жанында

Тәрбиеленушілер саны: 15 адам

Жетекшілері: Подполковник Ильгнер Владимир Леонидович

Мекен жай: Астана қ., Хусейн Бен Талал даңғылы, 29

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондар: +7 702 833 9898

 

Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын» әскери-патриоттық жиыны аясында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыс өтіп жатыр.Сайысқа 800-ден астам адам қатысуда. Таңертеңнен бастап оқу-жаттығу полигонына көп адам жиналды. Сағат 7. 00-де дабыл белгісімен ұйқыдан тұрған жастар жаттығу мен таңғы астан соң күшпен көтерілу, белтемірге тартылу, жүгіру, қашықтыққа секіру, арқан тарту және өзге де спорт түрлері бойынша жетістіктерін көрсетуге жиналды. Жарыста бірінші болып шығу оңай шаруа емес.

Алайда, белтемірге тартылу Семей қаласындағы «Жас ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушісі Руфат Марксовқа аса қиын болған жоқ. «Бірінші болып шығу жеребесі түсті, әрине қарсыластың қандай нәтиже көрсетері белгісіз. Дегенмен жақсы дайындық үздік нәтижеге жеткізері анық». Спорттық жарысқа қатысушылардың арасында бірегей тұлғалар да болды. Олардың ішінде дзюдодан ҚР спорт шебері, ел құрамасының мүшесі, Қазақстан Республикасының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті әскери кафедрасының студенті Максим Фоменко бар.

«Мен жерге қолды тіреп көтерілу сайысына қатысамын. Үлкен нәтижелер көрсетемін деген ойдамын. Бұл жиын бізге жақсы дайындық, шынығу, өзімізді сынап көру мүмкіндігін береді. Болашақта мен армияға баруды жоспарлап жүрмін. Құрлық әскерлерінде қызмет еткім келеді», - деді ол. Ал Қазақстанның стрит воркауттан күміс жүлдегері, Шымкенттік Хамит Асылбеков әскери-патриоттық жиында жерден көтеріліп ішті қатайту бойынша жарысына қатысты. Ол осы күзде еліміздің атынан әлемдік чемпионатқа қатысуды жоспарлап отыр. Әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша жарыстар бірінші күннің өзінде-ақ рекорды нәтижелер көрсеткенін айта кеткен жөн. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенті Аслан Баркинхоев барлық жарысқа қатысушылардың ішінде ұзындыққа секіруден үздік нәтиже көрсетті. Дәл 3 метр 2 см бағындырып, осы аралыққа секіре алды. «Осындай нәтижеге мен үздіксіз жаттығулардың арқасында қол жеткіздім. Дегенмен үйде бұдан үлкен нәтижелер көрсеткенмін. Бүгін осы нәтижеге қанағат етемін». Спортшы өз мамандығы бойынша еңбек еткісі келеді және әскери міндетін өтеуге ниетті. «Осындай әскери-патриоттық жиындар аса қажет. Олар жастардың нағыз ер азамат болып жетілуге тәрбиелейді», - деді жеңімпаз.

Жауынгерлік дағдыларын көрсетуге дайын жасөспірімдерге даланың өкпек желі мен қапырық ыстығы кедергі бола алмады. Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар әскерилендірілген эстафета өткізді.

Автоматты бөлшектеу және құрастыру, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, кедергі жолақтарынан өту, жаралыны алып өту, радио байланысты пайдалану – жасөспірімдер осынау даярлықтан әскери қызметшіден еш қалыспай өтті. Жүктелген міндетті сапалы орындап, жақсы нәтижелер көсетті. Олар қысқа мерзім ішінде барлық сынақтардан өтуі тиіс болатын. Әр оқушы тек бір аумақтан өтіп, эстафетаны аяқтаушы жаралыны құтқарғаны туралы баяндауы тиіс болды. «Әр топтан 8 адам қатысады, бұл жерде біздің топ газтұмылдырық пен желет және касканы киді.

Маған тапсырған сынақтан мүдірместен өтіп, топты жерге қаратқан жоқпын. Жалпы эстафета топтың рухын көтереді, ұжымды бірге топтасуға септігін тигізеді. Өз командаң үшін барыңды салуға ұмтыласың», - деді Ақтаудың Ш.Есенов атындағы КТИУ әскери кафедрасының студенті Аслан Арыстанов. Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының екінші күні аяқталуда. Ертең 800-ден аса қатысушы әскери-далалық тактикалық ойындар бойынша сайысқа түседі. Үздік топ анықталып, жарыстың шешуші кезеңдері өз мәресіне жетеді.

Дабыл бойынша ұйқыдан тұру, қаруды алу, бастапқы ауданда таңғы ас ішу, барлаушылардың құпияндарда із кесуі, кедергілер жолағы, химиялық қауіп-қатер аймағы, миналық алаң – бұл телевизиялық содырдың сюжеті емес, мұның барлығы Спасск полигонындағы әскери-далалық тактикалық ойын. Оған үш құрама батальон: ЖОО-лардың әскери кафедралары, әскери-патриоттық клубтар және республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қатысты.

Бүгін Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында өтіп жатқан «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының сайысу бөлімі аяқталады. Жиынға қатысушылар үшін барлығы нағыз армияда болып жатқандай. Бүгінгі таң жасөспірімдер үшін өте ерте басталды. 6.30-да палаткалы лагерьде жалпы дабыл жарияланды. Аз уақыт ішінде оларға тез жиналып, алаңқайда сап түзеу қажет болды. «Әскери-далалық ойын» атына заты сай болған жоқ. Іс жүзінде жеткіншектерге нағыз әскери оқу-жаттығуларға ұқсас жауынгерлік іс-қимылдардың елестетілуі арқылы өту керек болды.

Шартты лаңкестер басып алған су ағыны мұнарасына шабуыл жасаған және бірінші болып барлық сынақтарды өткерген республикалық мамандандырылған әскери мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің командасы болды. «Республикалық әскери мектептерінің 20 тәлімгерінен құралған 160 адамды құрайтын біздің команда жаңа ғана өзінің үздік дайындығын көрсетті. Біз жалауды бірінші ұстап, туды көтеріп, бұл тактикалық ойында жеңіске қол жеткіздік. Біз бұған ұзақ дайындалдық және талпынысымыз бекер болмағанына қуаныштымыз.

Біздің уақыт дабыл бойынша ұйқыдан тұру, қаруды алу, алаңда таңғы ас ішу, біз орындаған барлық тапсырмаға 3 сағат 39 минутты құрады. Қиын болды, бірақ біз тырыстық. Біздің жасөспірімдеріміз жарады, көңіліміз толды», - деді 3-батальон командирі капитан Азамат Үмбетжанов. «Біз барлығымыз жұмыла жұмыс жасап, осы мұнараны басып алдық. Бүгінгі сынақ – біздің лицейде жасайтын күнделікті ісіміз, ерекше қиындық туғызған жоқ. Мен біздің батальон, командамыз тапсырманы керемет орындады». – деп Семей қаласындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Ардақ Қадау өзінің алған әсерімен бөлісті.

Страница 12 из 12
© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.