Бейнегалерея

Администратор

Администратор

В Таразе на базе 5-ой механизированной бригады Регионального командования «Юг» состоялись военно-патриотические игры «Айбын». В них приняли участие военно-патриотические клубы Жамбылской области.

Давнее активное сотрудничество акимата Жамбылской области и управления командующего войсками Регионального командования «Юг» стало хорошей основой для регулярного проведения подобных мероприятий. Как отмечает заместитель командующего РгК «Юг» по воспитательной и идеологической работе полковник Самат Тулепбаев, военно-спортивные игры способствуют укреплению патриотизма подрастающего поколения.

А тесный контакт военнослужащих и учащихся служит хорошим примером для подражания. По статистике большинство выпускников военно-патриотических клубов в будущем выбирают военные профессии. 5-я механизированная бригада давно уже является площадкой для проведения военно-спортивных мероприятий учащихся. Здесь же состоялись соревнования по военно-прикладным видам спорта среди школьников города. На этот раз здесь проводятся соревнования областного масштаба. В соревнованиях приняли участие 8 команд из различных районов Жамбылской области. Их представили Байзакский, Жуалынский, Сарысуйский, Талаский и Шуйский районы области, а также город Тараз.

В программу соревнований включены военизированные кросс и эстафета, неполная разборка и сборка АК-74, подтягивание на перекладине, надевание общевойскового защитного комплекта и другие упражнения. Инициаторы соревнований – отдел молодежной политики акимата Жамбылской области выразили огромную благодарность командованию 5-й механизированной бригады, и, в частности, сержанту бригады сержанту 2-го класса Куату Амзебекову, при организации которого была подготовлена материально-техническая часть для соревнований, подобраны грамотные инструктора и члены судейской коллегии.

Бүгінде өңірлерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қызу дайындық жүріп жатыр. Биылғы жылы бұл жастар жиынына 600-ден аса адам қатыспақ.

Дәстүрге айналған айтулы шара жылдан жылға жаңарып, ерекшеленіп келеді. Осы орайда біз әскери патриоттық жастар жиынының бұған дейінгісіне шолу жасап, бүгінгі деңгейіне де тоқталғанды жөн санадық.

Алғашқы «Айбын» жиыны

Екі жылға шегініс жасалық. 2015 жылдың 10 маусымы. Алғаш рет «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында ресми түрде ашылды. Жиын қазақстандық белсенді жастардың 800-ден аса өкілінің басын қосты. Олар әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары атанып жүрген қыз-жігіттер, сондай-ақ республикалық әскери мектеп интернаттарының (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), «Жас ұлан» республикалық мектебі және «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындардағы әскери кафедралардың студенттері еді.

Салтанатты ашылу рәсімінде сол кездегі ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, «Бүгінде халқымыз Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысының қолдауының арқасында өскелең ұрпаққа аса зор ықыласпен көңіл бөлуде. Барлық өңірлерде, қалаларда жастардың оқуына, спортпен айналысуына және өз Отанының абыройлы азаматы деген атқа лайық болуына барлық қолайлы жағдай жасап келеді. Қазіргі таңда армия отансүйгіштіктің, достықтың, тұлға болып қалыптасудың шынайы мектебіне айналып отыр. Мені жастардың бар ынтасымен ҚР ҚК қатарына түсуге деген ұмтылысы қуантады. Бұл маңызды және ізгі міндет. Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің курсанттары мен офицерлерінің қатарынан көремін деген үміттемін. Осы орайда әскери істе білікті маман болу үшін барлық күш-жігерді аянбайтындарыңызға сенемін. Жүректеріңізде Елге шексіз берілген сүйіспеншілік оты жалындасын, сау және шымыр болып, ақыл-ойларыңыз маңызды және күрделі міндеттерді шешкен сайын қайрала түссін», - деді ол. «Айбын» жиыны маусымның 10-ы мен 13-і күндері аралығында төрт күнге созылды. Жастар мазмұнды бағдарламаларға қатысты. Оған жастардың дене даярлығын анықтайтын негізгі күштік жаттығулар және әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша жарыстар енгізілген. Оның ішінде: белағашқа тартылу, 100 метрден АК-74 ату, пневматикалық винтовкадан атыс, газтұмылдырықты кию, сондай-ақ әскери-медициналық даярлық бойынша: алғашқы таңуды көрсету, жарақаттанған адамды көшіру. Жастар қазақстандық армияның заманауи техникасы мен қару-жарағын көріп, ерекше даярлық мектебінен өтті. Олар күштері мен мүмкіндіктерін сынады, теңдесіз тәжірибе жинап, жаңа достар да тапты. Жиынның басты міндеттері жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дене, әскери-қолданбалы және техникалық даярлықты жетілдіру болғанын атап өткен жөн. Иә, алғаш рет ұйымдастырылған бұл шараның жөні бөлек, жолы ерек болды.

Алғашқының аты алғаш. Жиын жетекшісі ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов мырза: «Биылғы кеткен кем-кетіктер болса оны ескеріп, келесі жолы бұдан да жақсы ұйымдастыратын боламыз» деді бір сөзінде. Әрине, өткен іске айтар сын да, сыншы да көп. Алайда, бұл жиын басталмас бұрын әбден илеу мен сүзгіден өткені аңғарылып тұрды. Ұсақ детальдарға дейін ескерілгені тағы бар. Әр өңірден келген жасөспірімдер үшін шатырлы қалашық тұрғызылып, әр шатырдың маңында қай өңірден, қай мектептен немесе қандай әскери патриоттық клуб екендігін аңғартатын тақтайша орнатылып, тамақтанатын және тағам әзірленетін орын да өз алдына жақсы орын тапқан еді. Екінші жылы ерекшеленді Былтыр «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны маусымның 14-і күні екінші мәрте шымылдығын түрді. Бұл жолы да оқу-жаттығу орталығының аумағында жайылған шатырлы лагерьге 800-ден аса жас қыз-жігіттер жиналды. Олардың әрбірі әскери қызметші болу, патриот болу және әскери істің шынайы күшін білу ниетімен «Спасск» орталығына келді. Аталған жиынның салтанатты ашылу рәсімінде әдеттегідей сол кездегі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов сөз алды. Сөзінде: «Бүгін қазақстандық армия тәуелсіз мемлекетіміз бен халықты қорғауға жан-жақты дайын. Ол өзінің қалыптасу жолында жинақылық пен жауынгерлік рухты нағыз патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мектебі деп аталуға толық құқыққа және қоғамда айтарлықтай беделге ие болды.

Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері барынша күшті және берік болып қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Әскери кәсіп елімізде талап етілетін беделді кәсіпке айналды. Бүгінгі күні бізді жастардың өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін ниеті мен талап-тілектері ерекше қуантады. Бұл жиында негізгі басымдық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында идеялық-тәрбиелілік іс-шараларға бағытталатын болады. Барлығыңызға сайыста табыс, рухтың жігерлілігі, шын күресте жеңіске жетуге деген сенімділік тілегім келеді. Жиын барысында бәріңізге білім және машықтану дағдылыларын жинақтауға тілектеспін. Ал әскери қызметші кәсібімен өмірін байланыстырғысы келетіндерді жоғары оқу орындарында кездестіреміз деген сенімдемін» деді генерал-полковник. Ашылу рәсімі кезінде жас патриоттарға, болашақ Отан қорғаушыларға ҚР ҚМ Құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері өз шеберліктерін көрсетсе, арнайы мақсаттағы жауынгерлер шапшаңдығы мен күш-қайратын паш еткенін айта кеткен жөн. Ел армиясының Әскери-әуе күштері мен Құрлық әскерлерінің бөлімшелері шартты қарсыласқа шабуыл жасау мен оларды жою жөніндегі арнайы операцияны бірлесіп толық орындады. Сондай-ақ, бұл жолы «Айбын» жиынына алғаш рет Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың курсант қыздары қатысқаны – есте қаларлық жайт. Олар «әскери қызметкер болу – «тек ер азаматтың міндеті» деген түсінікке толығымен қарсы.

Олардың көпшілігі өмірін армиямен және әскери қызметпен байланыстыруға ниетті. «Біз жиынға екі ай дайындалдық. 22 қыздың ішінен екеумізді таңдады. Маған әскери қызметкер болған ұнайды. Алдағы уақытта лейтенант әскери атағын алғым келеді. Тіпті, болашақта генерал болсам деген арманым да бар» дейді М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті әскери кафедрасының 1-курс студенті Аида Бәйдібекқызы. 18 маусымға дейін жалғасқан «Айбын» жиынына қатысушы жастар бір апта бойы күш сынасып, теориялық білімдерін сынау үшін барын салады. Жиын барысында әскери-қолданбалы спорт түрі және жауынгерлік даярлық, әскерилендірілген ойындар, сондай-ақ интеллектуалдық байқаулар мен басқа да жарыстар өтті. Былтырғы бағдарламада жаңа өзгерістердің де енгізілгенін айта кеткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша жарыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар, жас буынның зияткерлік және интеллектуалдық қабілетіне ерекше назар аударылды. Үшінші мәртеде халықаралық мәртебе берілмек Ал биыл, үшінші мәрте өткізгелі отырған бұл шараға 600-ден аса адам қатысады. Олардың арасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, шетел мемлекеттері әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларында шоғырланған «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернаты мен Семей қаласындағы мамандандырылған ер балалар мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері бар. Қазіргі кезде «Айбын» жастар жиынына дайындалу шеңберінде өңірлерде үздік командалар іріктеліп жатыр.

Әрине, жыл өткен сайын жиынның өту барысы мен бағдарламасы екшеленіп, оған өзгерістер мен жаңалықтар да енгізілуде. Аталмыш жиынның да мәртебесі артып келе жатқаны даусыз. Оның дәлелі – халықаралық мәртебеге лайықтанғаны. Яғни, биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриотттық жиынына алғаш рет халықаралық мәртебесі берілу көзделуде. Бұл дегеніңіз бірегей шараның ауқымы кеңейіп, абыройының асқақтағаны. Жастардың жігерін жанитын жиынға биыл осылайша серпін берілмек. Алдынғы екі жылдың табысты нәтижелері де биыл еселеніп, дода қызу әрі тартысты өтетініне де сенімдіміз. Күш-жігерлерін тасып, абыройларың арта берсін «айбындықтар!».

Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017 12:36

Басшылық

TalasovТаласов Мұхамеджан Қадіржанұлы

1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Қазіргі таңда Бас штаб бастығының орынбасары, «Айбын» Республикалық жас патриоттар бірлестік штабының төрағасы. Әскери атағы  – генерал-майор.

Қазақстан Республикасында жастардың бойында Отанға, туған еліне деген жігерлікті, отансүйгіштікті, қайсарлықты ояту және патриотизмге тәрбиелеу, «Мәңгілік ел» Патриоттық актісінің жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында жастардың азаматтық борыштарын өтеу, қызмет атқаруы бойынша көптеген республикалық жобалар мен іс-шараларға басшылық етеді.

Мысал ретінде, жыл сайын маусым айында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу - жаттығу орталығында өтетін, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын алсақ болады.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиында генералдың басшылығымен Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмысты нығайту, Қазақстан Республикасында жас патриоттар қозғалысын дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды жоғарылату, жастарды Қарулы Күштерінің әскери қызметіне дайындау, салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау және де басқа  көптеген жұмыстар атқарылды. Биылғы жылғы «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның жетекшісі, генерал-майор Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлы.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басшылығының құрамы

Р/с №

Әскери атағы, тегі және

аты-жөнінің

бас әріптері

Лауазымы

Жиын басшылығының кұрамындағы

лауазымы

1

генерал-майор М.Қ. Таласов

Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы

Жиын жетекшісі

2

полковник

Д.Т. Адырбеков

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы

Жиын штабының бастығы

3

полковник

Ю.М. Асқаров

Өңірлік қобасшылық әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – «Астана» өнірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы

Жиын жетекшісінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары (жарыстардың бас төрешісі)

4

Ж.А. Әбішев

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша)

Жиын жетекшісінің орынбасары

5

полковник

Е.Б. Бятов

Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының ТӘҚЖ жөніндегі орынбасары – «Астана» өнірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы ТӘҚЖ бөлімінің бастығы

Жиын жетекшісінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

6

полковник

Б.Н. Ілиясов

ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары

Жиын жетекшісінің орынбасары

7

полковник

А.К. Құқатов

Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

Жиын жетекшісінің қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары

8

полковник

Ж.А. Оразбаев

Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының МТҚ жөніндегі орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы МТҚ орталығының бастығы

Жиын жетекшісінің МТҚ жөніндегі орынбасары

9

полковник

А.С. Өсербаев

Жасақтау басқармасының бастығы – ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру – жұмылдыру жұмыстары депатаменті бастығының орынбасары

Жиын жетекшісінің орынбасары

10

полковник

Қ.С. Дайыров

Өнірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы зымыран әскерлері және артиллерия бөлімінің бастығы

Жиын штабы бастығының орынбасары

11

полковник

Д.Д. Тоқпанов

ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті жауынгерлік даярлықты есепке алу және бақылау бөлімінің аға офицері

Жиын штабы бастығының орынбасары

12

полковник

Д.Е. Хамитов

Штаб бастығының орынбасары (ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары жөніндегі) – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының бастығы

Жиын штабы бастығының орынбасары

13

медицина қызметінің подполковнигі

А.А. Бекімов

«Астана» өнірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы медицина қызметінің бастығы

Жиынның медицина қызметінің бастығы

14

подполковник

С.Қ. Мақашев

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы тылдық қамтамасыз-ету бөлімі азық-түлік қызметінің бастығы

Жиынның азық-түлік қызметінің бастығы

15

подполковник

Б.А. Оразбай

СК төрағасының орынбасары (әскерлердің дене дайындағы жөніндегі)- ҚР ҚМ СК АОСК басқармасының бастығы

Жиын спорттық жарыстарының бас төрешісі

16

майор

Р.Р. Тагизади

36352 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Жиынның мәдени-бос уакыт орталығының бастығы

17

аға лейтенант

Ж.О. Омарова

ҚР ҚМ БАҚЖД бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Жиынның ақпарат қызметінің бастығы

Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017 12:36

Құрылымы

2

«Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны, ҚР Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған, 2016 жылдың маусым айында «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында өтті.

Екінші «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына 800 астам жас патриоттар - әскери мектеп-интернатының, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, басқа елдердің жоғары оқу орындары әскери кафедрасының тыңдаушылары жиналды. Әскери-патриоттық жиынға қатысушылар іс-шараға әскери жарғыға сәйкес толық жабдықталып келді. Жиын барысында әскери дайындық пәндері және әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстар, әскерлендірілген ойындар, интеллектуалдық сайыстар және т.б. өтті.

Әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстарда, әскери-далалық тактикалық ойындарда, «Айбын дарыны» интеллектуалдық сайыстарда және робототехникалық сайыстарда Қорғаныс министрінің өз қолымен үздіктерге марапаттаулар мен сыйлықтар берілді. «Менің роботым» сайысы бойынша жеңімпаз Рахатов ДастанӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра студенті, «Менің ұшқышсыз ұшатын аппаратым» - Бердигулов Кайсар «Арыстан» мамандандырылғанimg 900 2858 лицейі тәрбиеленушісі, «Айбын дарыны» интеллектуалдық сайысы бойынша үздік Кенжеханов Ерганат Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі тәрбиеленушісі болды.

«Айбын» жиыны абсолютті жеңімпаздары және әскери-далалық тактикалық ойындар бойынша жеңімпаздар Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі тәрбиеленушілері болды. Жалпы командалық бірінші орындарды келесі үлгіде бөлінді: әскери-патриоттық клубтар арасында үздік болып Ақмола облысының «Батыр» әскери-патриоттық клубы, ЖОО әскери кафедралары арасында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, республикалық әскери мектеп-интернаттары арасында – Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі.

Әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мақсатында «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 2015 жылдың 9-нан 13-не дейінгі маусым кезінде «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында өткізілді. Әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, республикалық (облыстық) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасы студенттері қатысты. Барлығы – 803 адам.

Жиын барысында әскери дайындық пәндері және әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстар, әскерлендірілген эстафета, әскери-далалық тактикалық ойындар, әскери техникалық және қару-жарақтар көрмесі, аудандық әскери-патриоттық клубтардың көрнекі құралдары (жабдықтар, спорттық жабдықтар, клубтар қызметі туралы қабырға және т.б.), «Әскери-техникалық мектеп» РМҚК тәрбиеленушілерінің қойылымдары, мәдени іс-шаралар (сұхбаттар, кездесулер, концерттер, әскери-патриоттық тақырыптағы фильмдер көрсету, спорттық ойындар және т.б.) өткізілді.

.

Әскери-патриоттық жиын қорытындысы бойынша командалық есепте орындар бөлінді:

Аудандық әскери-патриоттық клубтар арасында:
I орын – Астана қаласы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубы;
II орын – Ақмола облысы «Айбын» әскери-патриоттық клубы;
III орын – Қостанай облысы «Сармат» әскери-патриоттық клубы;

Мамандандырылған әскери мектеп-интернаттар арасында:
I орын – Қарағанды қаласы Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бегелдинов атындағы Қарағанды Республикалық әскери мектеп-интернаты;img 892 2816
II орын – Алматы облысы «Арыстан» мамандандырылған лицейі;
III орын – Алматы қаласыБ.МомышұлыатындағыРеспубликалықәскеримектеп-интернаты;

Жоғары оқу орындары әскери кафедралары арасында:
I орын – Өскемен қаласыД. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасы;
II орын – Петропавл қаласы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы;
III орын –Қарағанды қаласы Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасы;

© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.