Бейнегалерея

Администратор

Администратор

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында Қазақстан Республикасының жастарын әскери-патриоттық дайындау жөніндегі белсенді іс-шаралар басталды.

Дабыл бойынша ұйқыдан тұру, қаруды алу, бастапқы ауданда таңғы ас ішу, барлаушылардың құпияндарда із кесуі, кедергілер жолағы, химиялық қауіп-қатер аймағы, миналық алаң – бұл телевизиялық содырдың сюжеті емес, мұның барлығы Спасск полигонындағы әскери-далалық тактикалық ойын. Оған үш құрама батальон: ЖОО-лардың әскери кафедралары, әскери-патриоттық клубтар және республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қатысты.

Бүгін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жиынының үшінші күні. Жиын аяқталуға жақын, алайда осы шараға қатысқан 800-ден аса жасөсіпірім қыз-жігіттердің есінде бұл көпге дейін қалатынын сеніммен айтуға болады.

Марапаттарды тапсыру, жас мотоциклистердің көрсетілімі, парашюттан секіру - «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жабылу рәсімі дәл осындай қызықтармен өтті.

Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017 07:52

Фото и видео

Сейсенбі, 25 Сәуір 2017 18:30

Байланыс

Мемлекеттік республикалық мекеме «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери - патриоттық орталығы».

Мекен жай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Республика даңғылы 2, тел.: 8-7172-44-25-73 (қабылдау бөлімі)

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған екінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны келесі аптада «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында басталады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қарағандыға әскери-патриоттық клубтардың, мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері жинала бастады.

Әскери-патриоттық жиынға қатысушы бозбалалар әскери жарғыға сәйкес іс-шараға толық экипировкада келеді. Әскери-патриоттық мектептердің 20 тәрбиеленушісі Астанадан, 20-сы Қарағандыдан, 20-сы Шымкенттен, 40-ы Алматыдан, 20-ы Семейден, 20-ы Павлодардан келеді. Одан басқа, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының 26 кафедрасының 10 курсантынан, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысады. Жиын барысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сайыс, әскерилендірілген ойындар, зияткерлік байқаулар мен т.б. өткізілуі жоспарлануда.

Ертең Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Аталған жиынға әскери-патриоттық клубтардың, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері қатысады. Биылғы жылы осы іс-шараға алғаш рет жоғары оқу орындарының әскери кафедраларынан 52 қыз бала қатысады.

Қазақстанның барлық аймағынан шараға 800-ден аса адам қатысады деп жоспарланып отыр. Аталған жиын барысында әскери-қолданбалы спорт түрі және жауынгерлік даярлық, әскерилендірілген ойындар, сондай-ақ интеллектуалдық байқаулар мен басқа да жарыстар өтеді. Биылғы жылы әскери-патриоттық жиынның бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді. Өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша жарыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар жас буынның зияткерлік және интеллектуалдық қабілетіне ерекше назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің дене машықтарын 100 % көрсетуі қажет. Әскери-патриоттық жиында «Менің роботым» байқауы бойынша әр топ робот үлгілері мен роботтталған жүйенің үлгілерін, сондай-ақ ұшу аппараттарының жобаларын көрсетеді. «Айбын» жиынына қатысушылар еліміздегі танымал тұлғалармен таныса отырып еліміздің қалыптасуы туралы қысқа метражды фильмдер фестивалінде өз таланаттарын көрсете алады. Бұдан өзге, көрсетілім сабақтарында қару-жарақ, әскери техника мен жабдықтар, «Арлан», «Номад» броньды транспортерлері, командалық-штабтық машиналардың жаңа үлгілері көрсетіледі.

Бүгін, 14 маусым күні Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оқу-жаттығу орталығының аумағында жайылған шатырлы лагерьге 800-ден аса жас қыз-жігіттер жиналды. Олар еліміздің барлық өңірлеріндегі әскери мектеп-интернаттардың, әскери-патриоттық клубтардың тәрибеленушілері, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері. Жиынға олардың әрбірі әскери қызметші болу, патриот болу және әскери істің шынайы күшін білу деген ниетпен келді. Аталған жиынды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов салтанатты түрде ашты.

«Бүгін қазақстандық армия тәуелсіз мемлекетіміз бен халықты қорғауға жан-жақты дайын. Өзінің қалыптасу жолында жинақылық пен жауынгерлік рухты нағыз патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мектебі деп аталуға толық құқыққа және қоғамда айтарлықтай беделге ие болды. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері барынша күшті және берік болып қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауда. Әскери кәсіп елімізде талап етілетін беделді кәсіпке айналды. Бүгінгі күні бізді жастардың өз өмірін армиямен байланыстырғысы келетін ниеті мен талап-тілектері ерекше қуантады. Бұл жиында негізгі басымдық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында идеялық-тәрбиелілік іс-шараларға бағытталатын болады. Барлығыңызға сайыста табыс, рухтың жігерлілігі, шын күресте жеңіске жетуге деген сенімділік тілегім келеді. Жиын барысында бәріңізге білім және машықтану дағдылыларын жинақтауға тілектеспін.

Ал әскери қызметші кәсібімен өмірін байланыстырғысы келетіндерді жоғары оқу орындарында кездестіреміз деген сенімдемін», - деді салтанатты ашылу рәсіміне қатысушыларға. Биылғы жылы «Айбын» жиынға қатысушыларды ерекше қарсы алды. Ашылу рәсімі кезінде жас патриоттарға, болашақ Отан қорғаушыларға ҚР ҚМ Құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері өз шеберлігін көрсетсе, ал арнайы мақсаттағы жауынгерлер шапшаңдығы мен күш-қайратын паш еткенін айта кеткен жөн. Ел армиясының Әскери-әуе күштері мен Құрлық әскерлерінің бөлімшелері шартты қарсыласқа шабуыл жасау мен оларды жою жөніндегі арнайы операцияны бірлесіп толық орындады. Биылғы жылы Айбын» жиынына алғаш рет Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың курсант қыздары қатысқаны есте қаларлық жайт. Олар «әскери қызметші болу – ер азаматтың ғана міндеті «деген түсінікке толығымен қарсы.

Олардың көпшілігі өмірін армиямен және әскери қызметпен байланыстыруға ниетті. «Біз жиынға екі ай дайындалдық. 22 қыздың ішінен екеумізді таңдады. Маған әскери қызметші кәсібі қатты ұнайды. Мен лейтенант әскери атағын алғым келеді, тіпті болашақта генерал болсам деген арманым да бар» - деп өз ойымен М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университеті әскери кафедрасының 1-курс студенті Айда Бәйдібекқызы бөлісті. Естеріңізге сала кетсек, «Айбын» жиыны 18 маусымға дейін жалғасады. Бір апта бойы жастар күшін, шыдамдылық пен зерделілікті және теориялық білімдерін сынау үшін барын салады.

Бүгін «Айбын» жиынына қатысушылар бірінші сынақтан өтті. Жас қыз-жігіттерге күш пен төзімділікті, дәлдік пен шапшаңдықты көрсететін бірнеше нормативтерді тапсыруға тура келді. Жігіттер белағашта күштік жаттығуларды орындап, ал қыздар жағы кешенді күштік жаттығулардан норматив тапсырды. Содан кейін қатысушылар автоматты бөлшектеу мен жинастыруды көрсетті, соңынан атыс шебіне барды.

Көптеген жастар үшін гранат лақтыру тағы да бір сынақ түрі болды. Әрине, бұл нағыз жауынгерлік снаряд, шындығында имитация ғана. Полигонның жағдайы мен жертасадан гранат лақтыру кезінде толқыныс салдарынан аздап күрделілік туындайтыны рас. Дегенмен осылардың барлығы – әскери қызметшінің күнделікті жасайтын жаттығулары. «Айбын» жиынына қатысушылар үшін әлі де біле түсуді қажет ететін кәсіп түрі ол әскери қызмет.

Қатысушылардың өздері атап өткендей, негізгі әскери даярлықтан өткендеріне қарамастан осындай нормативтерді тапсыру оларға оңайға соққан жоқ. Дегенмен, барлығы жақсы шеберлік деңгейін көрсете отырып, жүктелген тапсырманы сәтті орындап шықты. «Айбын» жастар жиынының бірінші күні әлі де аяқталмағанын айта кеткен жөн. Лагерьдің аумағында қазір нағыз көрме алаңы жайылды. Бұл «Менің роботым» байқауы. Аталған байқау барысында қатысушылар өздерінің робот техникасына қатысты әзірлеген күтпеген тың идеяларын көрсетеді. Жуық арада осылардың біреуі қазақстандық армияның қару-жарағы мен әскери техника үлгілерінің қатарына кіруі әбден мүмкін.

© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.