Бейнегалерея

Администратор

Администратор

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында бүгін Қазақстан Республикасының жастарын әскери-патриоттық дайындау жөніндегі белсенді іс-шаралар басталды. 15 пен 20 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер өздерінің керемет дайындығын паш етіп, палаткалы лагерьде Калашников автоматын жинап-шашуды көрсетті.

Бұл ретте команда қыздары жігіттерге ешқандай дес бермеді, бұл жаттығуды олар 20-25 секундта жасап шықты. Осыдан кейін қатысушылар барлық әскер түрлерінің қолбасшылықтарымен кездесу мүмкіндігін алды. Сонымен, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов пен ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов ҚР ҚК әскерлерінің қызметі мен құрамы және даму перспективасы туралы әңгімеледі.

ҚР Қарулы Күштерінің тұсаукесерінде ҚР ҚК ҚӘ жарағында тұрған атыс қаруының үлгілері, таяу ұрыс құралдары, оптикалық аспаптар, 9 мм Макаров тапаншасы, 9 мм АКС тапаншасы ұсынылды. Оның ерекшелігі 200 м оқ атудың көздеу қашықтығы болып табылады, оқшантай сыйымдылығы – 20 патрон, ПП-90, АК-74 автоматы орнатылған ұңғы асты гранатаатқышы және орнатылған түнгі көздеуіші бар, түнгі көздеуіші бар Драгуновтың мергендік винтовкасы және 6 мәрте ұлғаюымен, РПГ-7 гранатаатқышы. Одан басқа, жиынға қатысушылар Қазақстан армиясы арнайы бөлімшелерінің жарағында тұрған қару-жарақ жүйесін, әскери барлаудың техникалық құралдарын көрді.

Оның ішінде «Радиотосқауыл» дабылдама кешені, ол күзетілетін аймақтан 3 шақырым қашықтықта бұзақорды анықтауға мүмкіндік береді. Лаңкестікке қарсы тапсырмаларды шешу үшін кез келген кедергілерді бұзып өтетін, ақпаратты алып, тарататын «Робот-барлаушы» жүйесі көрсетілді. «Қабырғаның арғы бетінде тұрған қарсыласты әшкерелеуге мүмкіндік беретін радиолокациялық станция – егер үй-жайды ашу керек болса, біз адамдарға қауіп-қатер төндірмейміз, олар бұл үй-жайға кірмейді, біз радиолокациялық станцияны қоямыз және қабырғаның ар жағында не тұрғаны көрсетіледі, бұл лаңкестікке қарсы тапсырмалар кезінде шығынсыз әрекет етуге мүмкіндік туғызады», - деп атап өтті әскери қызметшілер. Сонымен қатар, әскери-патриоттық клуб мүшелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары көрсетілді.

Бүгін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жиынының үшінші күні.

Жиын аяқталуға жақын, алайда осы шараға қатысқан 800-ден аса жасөсіпірім қыз-жігіттердің есінде бұл көпге дейін қалатынын сеніммен айтуға болады. «Спасск» полигонына келген жастар алдағы жиынды аса қызығушылықпен күтті. Дегенмен олар ҚР ҚК ең ауқымды және қызықты оқиғаларының бел ортасында жүретіндігін білген жоқ. Олар өздеріне қазақстандық жауынгердің рөлін сомдай отырып, әскери тапсырмаларды орындады, дене күші мен төзімділігін, патриоттық рухы мен достыққа адалдығын сынай отырып, кедергілер мен қиындықтарды еңсерді.

Осынау бірнеше күн ішінде олар көптеген жаңа мәліметтер алып, теңдесіз тәжірибе мен білімді игерді, сондай-ақ жаңа дос-жарандар тапты.

10-12 маусым аралығындағы үш күнде «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигоны шынайы далалық жағдайда өздерінің машығын, дене даярлығы мен қиындықтарды еңсеру шеберлігін көрсеткен жас Отан қорғаушылардың басқосу алаңына айналды. Жиынның жабылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларға жолдаған хатын жеткізді.

Елбасының жастарға арналған хатында: «Қазақстанның әскери-патриоттық клубтарының үздік өкілдеріне, әскери мектептердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының әскери кафедралары студенттеріне шын жүректен ыстық ықыласымды білдіремін. Елімізде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы жас ұрпақты жауынгерлік қызметке даярлап жатқан 2 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым бар. Отанымызды – Мәңгілік елді қорғау және әскер қатарында қызмет ету – әр қазақстандықтың қастерлі борышы. Кәсіби Отан қорғаушы болу - жоғары патриотизмнің көрінісі. Сіздер халқымыздың даңқты тарихының лайықты мұрагерлері ретінде бұдан 70 жыл бұрын Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырлар ерлігін әрдайым есте сақтайды деп есептеймін. Әскерге, оның заманға сай қарулануына және әскери дайындығына қамқорлық – Қазақстанды нығайту жолындағы 100 нақты қадамның – Ұлт жоспарының маңызды бөлігі. Оны жүзеге асыру ісі басталып та кетті. «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларға төзімділік, мықтылық, әскери бейімділік, командалық рух және өзара жолдастық көмекке адалдық тілеймін!», - делінген.

Сайыс барысында жалпы командалық бірінші жүлделі орындарды мыналар: әскери-патриоттық клубтар арасында Астана қаласындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының, ЖОО әскери кафедралары арасында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, республикалық әскери мектеп-интернаттары арасында Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатының командалары иеленді. ЖОО әскери кафедралары арасындағы әскерилендірілген эстафета қорытындысы бойынша бірінші орынды Қозыбаев атындағы СҚМУ (Петропавл қ.), әскери-патриоттық клубтар арасында Ақмола облысының «Айбын» ӘПК, әскери-мектеп-интернаттары арасында С. Рақымов атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты (Шымкент қ.) иеленді. Әскери-далалық ойын нәтижелері бойынша бірінші әскери мектеп-интернаттарының біріккен командасы, екінші ЖОО әскери кафедраларының командасы және үшінші әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері болды. Сонымен қатар, белтемір мен серіппедегі жаттығулар, пневматикалық винтовкадан оқ ату, 100 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, арқан тарту, газтұмша, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру бойынша спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер де анықталды.

Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті. Жиын қазақстандық белсенді жастардың 800-ден аса өкілінің басын қосты. Олар республиканың 16 өңірінен келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары атанып жүрген қыз-жігіттер, сондай-ақ республикалық әскери-мектеп интернаттарының (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), «Жас ұлан» республикалық мектебі және «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындардағы әскери кафедралардың студенттері. Шара барысында ҚР Қарулы Күштерінің таныстырылымы өтіп, онда қатысушылар Қазақстан армиясы арнайы бөлімшелерінің жарағында тұрған қару-жарақ жүйесін, әскери барлаудың техникалық құралдарын көрді.

Бүгін Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын»бірінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. Іс-шара оқиғаларға және ұнамды сәттерге толы болды. Тұңғыш өткізілген жиында ҚР Қорғаныс министрінің қолынан награда берілгенсәтжастардың есінде қалды. «Мен парашютпен бірінші секіргенім үшін құрметбелгісіне ие болдым.

Оны маған ҚР Қорғаныс министрінің өзі табыс етті. Бұл маған қанат бітірді, десантшы болсам деген арманым бар және болашақта Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлерінде қызмет еткім келеді. Қазақстанның бірінші республикалық жастар жиынына қатысқанымды мақтан тұтамын. Осы күндердегі көптеген сынақтарды біз лайықты игере алдық», - деді Шымкенттік «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Мұхаммед Ақашев. «Біз осы жарыстарды көптен күттік және дайындалдық. Аталған жиын біз үшін даярлығымызды және өзімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді. Әрине, оңай болған жоқ, қарсыластарымыз мықты, дегенмен өжеттілік пен табандылық біздің үздік атануымызға септігін тигізді», - деді Т. Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Нұрбатыр Қаскей. «Айбын» бірінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары мен барлық қатысушылары өткізу деңгейін жоғары бағалады.

«Ауқымды үш күндік жиын және бүгінгі салтанатты жабылу рәсімі осындай іс-шараның жоғары деңгейде өткізіліп отырғанын көрсетті. Барлық өңірлерден келген жас қыз-жігіттер жақсы әсер алды. Болашақта Отанымыздың қорғанына айналатын өскелең ұрпақ үшін бұл тәрбие мектебі. Жастар өз өңірлеріне шыныққан күйінде жақсы көңіл-күймен қайтуда. Осындай іс-шаралар жалғасын тауып, дәстүрге айналады деген ойдамын», - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов атап өтті. Қазір жастар үйлеріне қайтуға дайын және бүгін өз елдеріне оралады.

Марапаттарды тапсыру, жас мотоциклистердің көрсетілімі, парашюттан секіру - «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жабылу рәсімі дәл осындай қызықтармен өтті. Бүгін жиын қатысушылары «Спасск» полигонында соңғы рет салтанатты сапқа тұрды.

Осынау үш күн көзді ашып жұмғанша өте шыққанымен, жастар есінде жағымды естеліктер мен көңіл-күй қалды. Бұл уақыт аралығында теңдессіз тәжірибе мен білім алған және өздеріне жаңа достар тапқан жасөспірімдер патриоттық рухта үйлеріне қайтуда.

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 14:29

«Төле би арландары» ӘПК

Қашан құрылды: Қыркүйек 2013 ж. Ленгер қаласы «№ 1 мектеп-гимназия» жанында

Тәрбиеленушілер саны: 25 адам

Жетекшілері: Запастағы майор Балтабаев Сабыржан Сәбитович

Мекен жай: ОҚО, Ленгер қаласы, Төлеби ауданы, Степная көшесі

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондар: +7 777 602 9798

 

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 14:29

«Ер Отан» ӘПК

Қашан құрылды: 29. 03. 2010 ж. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі жанында

Тәрбиеленушілер саны: 30 адам

Жетекшілері: Запастағы сержант Криворутик Александр Петрович

Мекен жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Студент көшесі, 1

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондар: +7 705 652 7099

 

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 14:29

«Қайсар» ӘПК

Қашан құрылды: Қыркүйек 2011 ж. №17 жалпы орта білім мектебі

Тәрбиеленушілер саны: 24 адам

Жетекшілері: Аға лейтенант Еспанбетов Дарен Ерменович

Мекен жай: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Катаев көшесі, 68

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондар: +7 771 904 6458

 

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 14:29

«Тұлпар» ӘПК

Қашан құрылды: 28. 08. 2009 ж. А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекеме

Тәрбиеленушілер саны: 85 адам

Жетекшілері: Гвардии старшина Таспаев Жоламан Туржанович

Мекен жай: Маңғыстау облысы, Маңғыстау облысы, Тұпқараған ауданы, Баутино кенті

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондар: +7 701 209 6774; +7 775 477 9909

 

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 14:28

«Айбын» ӘПК

Қашан құрылды: 2015 ж. Қызылорда қаласы жанындағы «№ 23 орта мектебі» ММ

Тәрбиеленушілер саны: 20 адам

Жетекшілері: Запастағы аға лейтенант Огай Роман Владимирович

Мекен жай: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондар: +7 771 421 7277

 

© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.