Жаңалықтар

Сейсенбі, 14 Маусым 2016 22:02

Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Бүгін, 14 маусым күні Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оқу-жаттығу орталығының аумағында жайылған шатырлы лагерьге 800-ден аса жас қыз-жігіттер жиналды. Олар еліміздің барлық өңірлеріндегі әскери мектеп-интернаттардың, әскери-патриоттық клубтардың тәрибеленушілері, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері. Жиынға олардың әрбірі әскери қызметші болу, патриот болу және әскери істің шынайы күшін білу деген ниетпен келді. Аталған жиынды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов салтанатты түрде ашты.

«Бүгін қазақстандық армия тәуелсіз мемлекетіміз бен халықты қорғауға жан-жақты дайын. Өзінің қалыптасу жолында жинақылық пен жауынгерлік рухты нағыз патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мектебі деп аталуға толық құқыққа және қоғамда айтарлықтай беделге ие болды. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері барынша күшті және берік болып қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауда. Әскери кәсіп елімізде талап етілетін беделді кәсіпке айналды. Бүгінгі күні бізді жастардың өз өмірін армиямен байланыстырғысы келетін ниеті мен талап-тілектері ерекше қуантады. Бұл жиында негізгі басымдық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында идеялық-тәрбиелілік іс-шараларға бағытталатын болады. Барлығыңызға сайыста табыс, рухтың жігерлілігі, шын күресте жеңіске жетуге деген сенімділік тілегім келеді. Жиын барысында бәріңізге білім және машықтану дағдылыларын жинақтауға тілектеспін.

Ал әскери қызметші кәсібімен өмірін байланыстырғысы келетіндерді жоғары оқу орындарында кездестіреміз деген сенімдемін», - деді салтанатты ашылу рәсіміне қатысушыларға. Биылғы жылы «Айбын» жиынға қатысушыларды ерекше қарсы алды. Ашылу рәсімі кезінде жас патриоттарға, болашақ Отан қорғаушыларға ҚР ҚМ Құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері өз шеберлігін көрсетсе, ал арнайы мақсаттағы жауынгерлер шапшаңдығы мен күш-қайратын паш еткенін айта кеткен жөн. Ел армиясының Әскери-әуе күштері мен Құрлық әскерлерінің бөлімшелері шартты қарсыласқа шабуыл жасау мен оларды жою жөніндегі арнайы операцияны бірлесіп толық орындады. Биылғы жылы Айбын» жиынына алғаш рет Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың курсант қыздары қатысқаны есте қаларлық жайт. Олар «әскери қызметші болу – ер азаматтың ғана міндеті «деген түсінікке толығымен қарсы.

Олардың көпшілігі өмірін армиямен және әскери қызметпен байланыстыруға ниетті. «Біз жиынға екі ай дайындалдық. 22 қыздың ішінен екеумізді таңдады. Маған әскери қызметші кәсібі қатты ұнайды. Мен лейтенант әскери атағын алғым келеді, тіпті болашақта генерал болсам деген арманым да бар» - деп өз ойымен М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университеті әскери кафедрасының 1-курс студенті Айда Бәйдібекқызы бөлісті. Естеріңізге сала кетсек, «Айбын» жиыны 18 маусымға дейін жалғасады. Бір апта бойы жастар күшін, шыдамдылық пен зерделілікті және теориялық білімдерін сынау үшін барын салады.

  • Источник: Материал предоставлен сайтом Министерства обороны РК
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.