Жаңалықтар

Сенбі, 13 Маусым 2015 17:05

«Айбынның» жеңімпаздары жиынды өткізу деңгейін жоғары бағалады

«Айбынның» жеңімпаздары жиынды өткізу деңгейін жоғары бағалады

Бүгін Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын»бірінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. Іс-шара оқиғаларға және ұнамды сәттерге толы болды. Тұңғыш өткізілген жиында ҚР Қорғаныс министрінің қолынан награда берілгенсәтжастардың есінде қалды. «Мен парашютпен бірінші секіргенім үшін құрметбелгісіне ие болдым.

Оны маған ҚР Қорғаныс министрінің өзі табыс етті. Бұл маған қанат бітірді, десантшы болсам деген арманым бар және болашақта Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлерінде қызмет еткім келеді. Қазақстанның бірінші республикалық жастар жиынына қатысқанымды мақтан тұтамын. Осы күндердегі көптеген сынақтарды біз лайықты игере алдық», - деді Шымкенттік «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Мұхаммед Ақашев. «Біз осы жарыстарды көптен күттік және дайындалдық. Аталған жиын біз үшін даярлығымызды және өзімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді. Әрине, оңай болған жоқ, қарсыластарымыз мықты, дегенмен өжеттілік пен табандылық біздің үздік атануымызға септігін тигізді», - деді Т. Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Нұрбатыр Қаскей. «Айбын» бірінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары мен барлық қатысушылары өткізу деңгейін жоғары бағалады.

«Ауқымды үш күндік жиын және бүгінгі салтанатты жабылу рәсімі осындай іс-шараның жоғары деңгейде өткізіліп отырғанын көрсетті. Барлық өңірлерден келген жас қыз-жігіттер жақсы әсер алды. Болашақта Отанымыздың қорғанына айналатын өскелең ұрпақ үшін бұл тәрбие мектебі. Жастар өз өңірлеріне шыныққан күйінде жақсы көңіл-күймен қайтуда. Осындай іс-шаралар жалғасын тауып, дәстүрге айналады деген ойдамын», - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов атап өтті. Қазір жастар үйлеріне қайтуға дайын және бүгін өз елдеріне оралады.

  • Источник: Материал предоставлен сайтом Министерства обороны РК
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.