Жаңалықтар

Бейсенбі, 11 Маусым 2015 12:18

Мектеп оқушылары мен әскери кафедраның студенттері нағыз кедергі жолақтарынан өтті

Мектеп оқушылары мен әскери кафедраның студенттері нағыз кедергі жолақтарынан өтті

Жауынгерлік дағдыларын көрсетуге дайын жасөспірімдерге даланың өкпек желі мен қапырық ыстығы кедергі бола алмады. Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар әскерилендірілген эстафета өткізді.

Автоматты бөлшектеу және құрастыру, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, кедергі жолақтарынан өту, жаралыны алып өту, радио байланысты пайдалану – жасөспірімдер осынау даярлықтан әскери қызметшіден еш қалыспай өтті. Жүктелген міндетті сапалы орындап, жақсы нәтижелер көсетті. Олар қысқа мерзім ішінде барлық сынақтардан өтуі тиіс болатын. Әр оқушы тек бір аумақтан өтіп, эстафетаны аяқтаушы жаралыны құтқарғаны туралы баяндауы тиіс болды. «Әр топтан 8 адам қатысады, бұл жерде біздің топ газтұмылдырық пен желет және касканы киді.

Маған тапсырған сынақтан мүдірместен өтіп, топты жерге қаратқан жоқпын. Жалпы эстафета топтың рухын көтереді, ұжымды бірге топтасуға септігін тигізеді. Өз командаң үшін барыңды салуға ұмтыласың», - деді Ақтаудың Ш.Есенов атындағы КТИУ әскери кафедрасының студенті Аслан Арыстанов. Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының екінші күні аяқталуда. Ертең 800-ден аса қатысушы әскери-далалық тактикалық ойындар бойынша сайысқа түседі. Үздік топ анықталып, жарыстың шешуші кезеңдері өз мәресіне жетеді.

  • Источник: Материал предоставлен сайтом Министерства обороны РК
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.