Жаңалықтар

Бейсенбі, 11 Маусым 2015 12:17

«Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар спорттық пәндер бойынша рекорд жаңартты

«Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар спорттық пәндер бойынша рекорд жаңартты

Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын» әскери-патриоттық жиыны аясында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыс өтіп жатыр.Сайысқа 800-ден астам адам қатысуда. Таңертеңнен бастап оқу-жаттығу полигонына көп адам жиналды. Сағат 7. 00-де дабыл белгісімен ұйқыдан тұрған жастар жаттығу мен таңғы астан соң күшпен көтерілу, белтемірге тартылу, жүгіру, қашықтыққа секіру, арқан тарту және өзге де спорт түрлері бойынша жетістіктерін көрсетуге жиналды. Жарыста бірінші болып шығу оңай шаруа емес.

Алайда, белтемірге тартылу Семей қаласындағы «Жас ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушісі Руфат Марксовқа аса қиын болған жоқ. «Бірінші болып шығу жеребесі түсті, әрине қарсыластың қандай нәтиже көрсетері белгісіз. Дегенмен жақсы дайындық үздік нәтижеге жеткізері анық». Спорттық жарысқа қатысушылардың арасында бірегей тұлғалар да болды. Олардың ішінде дзюдодан ҚР спорт шебері, ел құрамасының мүшесі, Қазақстан Республикасының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті әскери кафедрасының студенті Максим Фоменко бар.

«Мен жерге қолды тіреп көтерілу сайысына қатысамын. Үлкен нәтижелер көрсетемін деген ойдамын. Бұл жиын бізге жақсы дайындық, шынығу, өзімізді сынап көру мүмкіндігін береді. Болашақта мен армияға баруды жоспарлап жүрмін. Құрлық әскерлерінде қызмет еткім келеді», - деді ол. Ал Қазақстанның стрит воркауттан күміс жүлдегері, Шымкенттік Хамит Асылбеков әскери-патриоттық жиында жерден көтеріліп ішті қатайту бойынша жарысына қатысты. Ол осы күзде еліміздің атынан әлемдік чемпионатқа қатысуды жоспарлап отыр. Әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша жарыстар бірінші күннің өзінде-ақ рекорды нәтижелер көрсеткенін айта кеткен жөн. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенті Аслан Баркинхоев барлық жарысқа қатысушылардың ішінде ұзындыққа секіруден үздік нәтиже көрсетті. Дәл 3 метр 2 см бағындырып, осы аралыққа секіре алды. «Осындай нәтижеге мен үздіксіз жаттығулардың арқасында қол жеткіздім. Дегенмен үйде бұдан үлкен нәтижелер көрсеткенмін. Бүгін осы нәтижеге қанағат етемін». Спортшы өз мамандығы бойынша еңбек еткісі келеді және әскери міндетін өтеуге ниетті. «Осындай әскери-патриоттық жиындар аса қажет. Олар жастардың нағыз ер азамат болып жетілуге тәрбиелейді», - деді жеңімпаз.

  • Источник: Материал предоставлен сайтом Министерства обороны РК
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.