Жаңалықтар

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 15:10

Қазақстанда Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды

Қазақстанда Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды

Әскери-патриоттық клубтар мен мамандандырылған әскери мектеп-интернаттардың 600-ден астам үздік өкілі бірнеше күн бойы керемет білімдері мен озық физикалық қабілеттерін ғана емес жауынгерлік машықтарын да ортаға салды.

Жиынның салтанатты жабылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев қатысты. – «Сендердің бәрің де жиын шеңберінде өткізілген жарыстарға белсенді түрде қатысып, күш сынастыңдар. Сол арқылы өздеріңнің білімдеріңді, жетістіктеріңді паш еттіңдер. Бәрің де жаңа достар таптыңдар. Жеңістің тәтті дәмін тарта отырып, өздеріңнің күш-жігерлеріңді сынадыңдар.

Биыл «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының пішіні өзгерді. Жиынға Ресей Федерациясы Орынбор Президенттік кадеттік училищесінің тәрбиеленушілері қатысып отыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жастарды интернационалдық келісім мен өзара құрмет, халықаралық және ұлтаралық достық рухында тәрбиелеудегі біріккен белсенді жұмысы үшін ризшылығын білдіріп, алғысын жеткізеді. Осы жиында бірыңғай үнқатысу алаңы және әскери-патриоттық жұмыстардың орталығы болатын «Жас сарбаз» Республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысын құрудың негізін қаладық», – деді генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.

Жиын қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында Алматы облысының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы бірінші орынды бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы еншілесе, үшінші орынды Астана қаласының «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы иеледі. Мамандандырылған әскери мектеп-интернаттар арасында Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Алматы қ.) бірінші, Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Қарағанды қ.) екінші, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Астана қ.) үшінші орынды иеленді.

Әскери-далалық тактикалық ойындардың жалпы есебі бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі абсолюттік жеңімпаз атанды. – «Мен жоғары деңгейде өткен «World of tanks» ойындарының жеңімпазымын. Лайықты қарсыластарға жолықтым. Жиын барысында маған әскери-тактикалық ойындар ұнады, – деп Ресей Федерациясы Орынбор Президенттік кадеттік училищесінің кадеті Алексей Шмакин өз әсерін ортаға салды. Жарыс жеңімпаздарына грамоталар, медалдар, кубоктар табыс етілді. Әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың бәріне сертификаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

  • Источник: www.mod.gov.kz
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.