Жаңалықтар

Сейсенбі, 13 Маусым 2017 07:41

Қазақстанда халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны бастау алды

Қазақстанда халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны бастау алды

Бүгін, Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған үшінші халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жастардың жыл сайынғы әскери-патриоттық жиынының негізгі мақсаты әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшыларының бірлестіктері арасында ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Жиынның салтанатты рәсімін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров ашты..

«Биылғы жылы жиынға Ресей Федерациясының жас патриоттары мен Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері алғаш рет қатысып отыр. Бүгінде жастардың позитиві және Отан қорғаушылармен бір қатарға лайықты түрде тұруға құлшынып отырған құштарлықтары бізді ерекше қуантуда. Бұл қасиетті парыз ғана емес, сонымен бірге, сан ғасырлық қатал шайқаста тәуелсіздік пен Отанымыздың еркіндігіне қол жеткізген батыр ата-бабаларымызға деген сый-құрмет көрсету болып табылады. Сіздер өздеріңіздің командаларыңыз бен өңірлеріңізді жоғары деңгейде көрсету үшін барлық күш-жігерлеріңізді салатындарыңызға кәміл сенімдімін. Жаңа білім мен шеберлік алуда сәттілік, жаңа достар табуға, уақытты қызықты өткізуге және ең бастысы, Отан қорғаушы деген батырлық кәсіпке үйренісулеріңізді тілеймін», - деді Талғат Мұхтаров.

Осы жылы жиынға 600-ден аса қатысушы қатысады. Олардың қатарында республикамыздың өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларында шоғырланған «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернатының, Семей қаласындағы мамандандырылған ер балалар мектеп-лицейі және Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінің тәрбиеленушілері. «Айбын» жастар жиыны 17 маусымға дейін созылады. Биылғы жылы жиын бағдарламасына өңірлер мен оқу орындарының таныстыру рәсімі, «Білімдар» зияткерлік ойыны, қатысушылардың өзіндік жетістіктерінің көрмесі, роботты техника бойынша «Менің роботым» байқауы, «World of tanks» компьютерлік ойыны, сондай-ақ «Айбын дауысы» мега-арт фестивалі енгізілді.

Жиын бағдарламасында көптеген әскери-қолданбалы сайыстар айрықша орын алып отыр. Олар: әскерилендірілген кросс пен эстафета, пневматикалық винтовкадан оқ ату, пейнтбол және тағы басқа. Жиын барысында қатысушылар қытымыр әскердің тыныс-тіршілігіне дайындық бірегей мектебінен өтіп, қазақстандық армияның заманауи техникасы мен қару-жарағын тамашалайды. Өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін сынап, жаңа достар табады.

  • Источник: https://tengrinews.kz
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.