Жаңалықтар

Дүйсенбі, 13 Маусым 2016 22:12

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының бағдарламасына бірқатар жаңа өзгерістер енгізілді

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының бағдарламасына бірқатар жаңа өзгерістер енгізілді

Ертең Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Аталған жиынға әскери-патриоттық клубтардың, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері қатысады. Биылғы жылы осы іс-шараға алғаш рет жоғары оқу орындарының әскери кафедраларынан 52 қыз бала қатысады.

Қазақстанның барлық аймағынан шараға 800-ден аса адам қатысады деп жоспарланып отыр. Аталған жиын барысында әскери-қолданбалы спорт түрі және жауынгерлік даярлық, әскерилендірілген ойындар, сондай-ақ интеллектуалдық байқаулар мен басқа да жарыстар өтеді. Биылғы жылы әскери-патриоттық жиынның бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді. Өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша жарыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар жас буынның зияткерлік және интеллектуалдық қабілетіне ерекше назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің дене машықтарын 100 % көрсетуі қажет. Әскери-патриоттық жиында «Менің роботым» байқауы бойынша әр топ робот үлгілері мен роботтталған жүйенің үлгілерін, сондай-ақ ұшу аппараттарының жобаларын көрсетеді. «Айбын» жиынына қатысушылар еліміздегі танымал тұлғалармен таныса отырып еліміздің қалыптасуы туралы қысқа метражды фильмдер фестивалінде өз таланаттарын көрсете алады. Бұдан өзге, көрсетілім сабақтарында қару-жарақ, әскери техника мен жабдықтар, «Арлан», «Номад» броньды транспортерлері, командалық-штабтық машиналардың жаңа үлгілері көрсетіледі.

  • Источник: Материал предоставлен сайтом Министерства обороны РК
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.