Жаңалықтар

Жұма, 16 Маусым 2017 12:22

Спасскідегі әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілерінің жарысы жалғасуда

Спасскідегі әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілерінің жарысы жалғасуда

Бірнеше күннен бері Халықаралық «Айбын» жастар жиынына қатысушы әскери-патриоттық клубтардың арасында үздік атану үшін нағыз күрес жүріп жатыр. Қазірдің өзінде жиынның 4 кезеңі артта қалып отыр.

Оның ішінде, АК-74 автоматын шашып-жинау, жалпыәскери қорғану кешенін киіп, зарарды жермен жүріп өту арқылы нормативтер тапсыру, кедергілер жолағын жүріп өту, сондай-ақ радиостансада жұмыс істеу қабілеттері сынға түсті. Жылдағы дәстүрге сай, жиында бозбалалар өздерінің күші мен төзімділігін дәлелдеу үшін белтемірге тартылып, күштік жаттығуларды орындаса, қыздар кешенді күштік жаттығуларда күш сынасты.

Балалардың командалық топтасуын, жеңіске деген құштарлығы мен шеберлігін әскерилендірілген эстафета кезінде бағалауға болады. «Адам тек физикалық жағынан емес, моралдық тұрғыдан да күшті болуы қажет. Жиында бәріміз бір-бірімізге сенуіміз керек, себебі, жеңіске сенімсіз жете алмайсың. «Кеше біз Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесіп, Қарулы Күштердегі әскер түрлері жайлы естіп білдік. Енді, міне, мен Құрлық әскерлері қатарында қызмет атқарсам деп шешім қабылдап отырмын», - дейді Қостанай облысы «Тайфун» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Әсет Качиганов. «Балалар осы жиынға өз мүмкіндіктерін сынауға келеді.

Спорттық ойындар тек жаңа достар табу ғана емес өз күшіңді сынап көру. Былтыр мен АК-74 автоматын шашып-жинау жарысынан бір ұпай жетпей жеңіліп қалсам, биыл рекорд жасап, бірінші орын алып отырмын. Барлық қатысушыларға табыс тілеймін, әрдайым тек күштілер жеңімпаз болсын», - дейді Қарағанды облысы «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Индира Аитова. Ертең Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өз қорытындысын шығарып, үздік жас патриоттарды анықтайтын болады.

  • Источник: www.mod.gov.kz
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.