Жаңалықтар

Сәрсенбі, 10 Маусым 2015 20:51

ҚР ҚК жарағында тұрған әскери техниканы «Айбын» әскери-патриоттық жиынында таныстырды

ҚР ҚК жарағында тұрған әскери техниканы «Айбын» әскери-патриоттық жиынында таныстырды

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында бүгін Қазақстан Республикасының жастарын әскери-патриоттық дайындау жөніндегі белсенді іс-шаралар басталды. 15 пен 20 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер өздерінің керемет дайындығын паш етіп, палаткалы лагерьде Калашников автоматын жинап-шашуды көрсетті.

Бұл ретте команда қыздары жігіттерге ешқандай дес бермеді, бұл жаттығуды олар 20-25 секундта жасап шықты. Осыдан кейін қатысушылар барлық әскер түрлерінің қолбасшылықтарымен кездесу мүмкіндігін алды. Сонымен, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов пен ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов ҚР ҚК әскерлерінің қызметі мен құрамы және даму перспективасы туралы әңгімеледі.

ҚР Қарулы Күштерінің тұсаукесерінде ҚР ҚК ҚӘ жарағында тұрған атыс қаруының үлгілері, таяу ұрыс құралдары, оптикалық аспаптар, 9 мм Макаров тапаншасы, 9 мм АКС тапаншасы ұсынылды. Оның ерекшелігі 200 м оқ атудың көздеу қашықтығы болып табылады, оқшантай сыйымдылығы – 20 патрон, ПП-90, АК-74 автоматы орнатылған ұңғы асты гранатаатқышы және орнатылған түнгі көздеуіші бар, түнгі көздеуіші бар Драгуновтың мергендік винтовкасы және 6 мәрте ұлғаюымен, РПГ-7 гранатаатқышы. Одан басқа, жиынға қатысушылар Қазақстан армиясы арнайы бөлімшелерінің жарағында тұрған қару-жарақ жүйесін, әскери барлаудың техникалық құралдарын көрді.

Оның ішінде «Радиотосқауыл» дабылдама кешені, ол күзетілетін аймақтан 3 шақырым қашықтықта бұзақорды анықтауға мүмкіндік береді. Лаңкестікке қарсы тапсырмаларды шешу үшін кез келген кедергілерді бұзып өтетін, ақпаратты алып, тарататын «Робот-барлаушы» жүйесі көрсетілді. «Қабырғаның арғы бетінде тұрған қарсыласты әшкерелеуге мүмкіндік беретін радиолокациялық станция – егер үй-жайды ашу керек болса, біз адамдарға қауіп-қатер төндірмейміз, олар бұл үй-жайға кірмейді, біз радиолокациялық станцияны қоямыз және қабырғаның ар жағында не тұрғаны көрсетіледі, бұл лаңкестікке қарсы тапсырмалар кезінде шығынсыз әрекет етуге мүмкіндік туғызады», - деп атап өтті әскери қызметшілер. Сонымен қатар, әскери-патриоттық клуб мүшелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары көрсетілді.

  • Источник: Материал предоставлен сайтом Министерства обороны РК
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.