Жаңалықтар

Жұма, 15 Қыркүйек 2017 12:22

"Жігер - 2017" республикалық әскери-патриоттық лагерінің жұмысы қорытындыланды

"Жігер - 2017" республикалық әскери-патриоттық лагерінің жұмысы қорытындыланды

Ақтөбеде өткен "Жігер-2017" республикалық әскери-патриоттық лагерінің жұмысы қорытындыланды. Шара 11-ші қыркүйек күні басталған болатын. Осыған орай бүгін Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтында қоғамдық тыңдалым өтіп, әскери клубтардың жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.

"Жігер - 2017" республикалық лагерін қорғаныс министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жастар конгресі ұйымдастырды. Бес күнге созылған шарада 14 облыстан келген әскери-патриоттық клбутардың жетекшілері барлығы 80-ге жуық адам өзара тәжірибе алмасты. Шеберлік сағаттары, тренингтер, әскери оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Әдістемелік көмек берілді. Дәстүрлі шараның бұл жолы Ақтөбеде өтуі бекер емес. Батыр қыз Әлия Молдағұлованың туған өлкесі, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда үлгі болуы тиіс. Бүгінгі тыңдалымға қорғаныс министрлігі, бас әскери прокуратурадан келген өкілдер арнайы қатысты.

МҰХАМЕДЖАН ТАЛАСОВ, ҚР ҚК БАС ШТАБЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР

- Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарға ардагерлерді де тарттық. Осы мақсатта қорғаныс министрлігінде ардагерлерден құралған арнайы бөлім жұмыс істейді. Олар республикалық штабтың құрамына да кірді

Жиында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Олар қорғаныс министрлігіне әскери-патриоттық клубтардың жұмысын жаңғырту мақсатында ұсыныстарын жолдады.

САЛТАНАТ ӘЛИ, ҚР ҚК ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

Бүгінгі таңда клубтардың көбісі материалдық-техникалық базасын жандандыру, сонымен қатар ондағы жетекшілердің деңгейін жоғарылату, нормативтік-құқытық базаның жоқтығын жоғарыға ұсынғалы жатыр. Бұл жұмыстар шешімін тапса, алдағы уақытта клуб жұмысы жоғары деңгейде жүргізіледі деген ойдамыз

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 100-ден аса "Айбын" клубы жұмыс істейді. Онда 8900 оқушы қамтылған. Ал, мектептерде Бауыржан Момышұлы атындағы сарбаздар клубы бар. Оған 500-ге жуық оқушы тартылған. Бұдан бөлек,  үш мыңдай бала баратын 11 аула клубы ашылды. ¤

ЕРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы, оқушылар мен жастарды осы тәрбиедегі бір маңызды бағыттардың бірі - әскери патриоттық тәрбие. Бұл өте маңызды. Біздің қоғам үшін, біздің ел үшін, біздің мемлекет үшін, біздің болашағымыз үшін. Сондықтан, мұндай шараларды әрқашан қолдауға дайынбыз, әрқашан бұл бағыттағы жұмыс күшейтуіміз қажет

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 25 жыл. Осыған орай қорғаныс министрлігінің атынан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевке мерекелік медаль табысталды. Айтып өтейік, патриоттық лагерь былтыр Ақмола облысында өтсе, келесі жылы Алматыда болады деп жоспарланып отыр. Қазір еліміз бойынша 2308 әскери-патриоттық клуб бар. Оған 65 мың жас тіркелген.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/onirde-100-den-astam-eskeri-patriottyk-klub-bar

Медиа

Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2017 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын".
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.