Жаңалықтар

Дабыл бойынша көтерілу, сапқа тұру, жорыққа шығу және арнайы операциялар – әскери қызметшілерге тән оқу-жаттығуылардың бір бөлігі емес, нағыз жауынгерлік міндеттер. Бұл тапсырмалар бүгін әскери-далалық тактикалық ойындар аясында «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушыларға – оқушылар мен студенттерге берілді. Бәрі де таңғы 6-да басталды. «Спасск» оқу-жаттығу орталығының шатырлы лагерінде дабыл қағылды. Өздерін болашақ әскери қызметшілер қатарынан көргісі келетін 800-ден аса қыз-жігіт лагердің аумағында сапқа тұрды. Жас жауынгерлер қару-жарақтарды жинау, көшірілетін аумаққа жылжу және шартты қарсыласты жою сияқты осындай тапсырмалар алды. Әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, Әскери-мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері мен жоғары оқу орындар әскери кафедраларының студенттері, яғни әр бөлімше өз бағыттары бойынша жұмыс жасады. Дегенмен…
Бүгін «Спасск» полигонында өтіп жатқан «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар қазақстандық десантшылар сияқты жаңа АРД кедергі жолақтарынан өтті. Автоматты бөлшектеу және жинастыру, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, сымнан жасалған қоршаудан өту – осылардың барлығы бүгін қыз-жігіттер өткен сынақтары бірнешеуі ғана. Аталған әскерилендірілген эстафетаның күрделілігі кедергі жолағында кездесетін бірнеше қиыншылықтарды игеруде болды. Жігіттер жаралы қаруластарын ұрыс даласынан алып өтуі, радиостанцияны ретке келтіріп, байланысқа шығуы, гранат лақтыруды орындауы, соныман қоса пневматикалық мылтықтан атуы қажет. Кедергілер жолағында ойынға деген нағыз қызығушылық артты. Кейде қатысушылар команданың жеңісі мен өзінің әскери мектебі, клубы немесе кафедрасы үшін соңғы күш-қуатын аямай кедергілерден өтуді жалғастырып жатқандай көрінді.…
«Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылардың бүгінгі күні таңғы 6-да тұрудан және таза ауада дене шынықтыратын жаттығуларын жасаудан басталды. Өздерін әскери қызметші ретінде көргісі келетін 800-ден аса қыз-жігіт үшін бұл болашақ кәсіпке дайындалудың таптырмас мүмкіндігі. Жиында жастармен жұмыс жасап жүрген әскери қызметшілер бұндай тәртіп жауынгерлерді шынықтырады деп атап өтті. Жастар дене даярлығы мен жауынгерлік даярлық сабақтарына бүгін дайындалуға тиіс. Қыз-жігіттер күннің дәл осылай басталуы адамға сергектік, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды және күні бойы қуатты болып жүруге үлкен күш беретіндігін құптайды. Апта бойы олар күш пен төзімділікті, зерделілік пен теориялық білімдерін көрсетуде күрделі сынақтарды игеруге тура келетінін айта кеткен жөн. Жиын барысында әскери…
Бүгін «Айбын» жиынына қатысушылар бірінші сынақтан өтті. Жас қыз-жігіттерге күш пен төзімділікті, дәлдік пен шапшаңдықты көрсететін бірнеше нормативтерді тапсыруға тура келді. Жігіттер белағашта күштік жаттығуларды орындап, ал қыздар жағы кешенді күштік жаттығулардан норматив тапсырды. Содан кейін қатысушылар автоматты бөлшектеу мен жинастыруды көрсетті, соңынан атыс шебіне барды. Көптеген жастар үшін гранат лақтыру тағы да бір сынақ түрі болды. Әрине, бұл нағыз жауынгерлік снаряд, шындығында имитация ғана. Полигонның жағдайы мен жертасадан гранат лақтыру кезінде толқыныс салдарынан аздап күрделілік туындайтыны рас. Дегенмен осылардың барлығы – әскери қызметшінің күнделікті жасайтын жаттығулары. «Айбын» жиынына қатысушылар үшін әлі де біле түсуді қажет ететін кәсіп түрі ол…
Бүгін, 14 маусым күні Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оқу-жаттығу орталығының аумағында жайылған шатырлы лагерьге 800-ден аса жас қыз-жігіттер жиналды. Олар еліміздің барлық өңірлеріндегі әскери мектеп-интернаттардың, әскери-патриоттық клубтардың тәрибеленушілері, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері. Жиынға олардың әрбірі әскери қызметші болу, патриот болу және әскери істің шынайы күшін білу деген ниетпен келді. Аталған жиынды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов салтанатты түрде ашты. «Бүгін қазақстандық армия тәуелсіз мемлекетіміз бен халықты қорғауға жан-жақты дайын. Өзінің қалыптасу жолында жинақылық пен жауынгерлік рухты нағыз патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мектебі деп…
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.