Жаңалықтар

Ертең Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Аталған жиынға әскери-патриоттық клубтардың, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері қатысады. Биылғы жылы осы іс-шараға алғаш рет жоғары оқу орындарының әскери кафедраларынан 52 қыз бала қатысады. Қазақстанның барлық аймағынан шараға 800-ден аса адам қатысады деп жоспарланып отыр. Аталған жиын барысында әскери-қолданбалы спорт түрі және жауынгерлік даярлық, әскерилендірілген ойындар, сондай-ақ интеллектуалдық байқаулар мен басқа да жарыстар өтеді. Биылғы жылы әскери-патриоттық жиынның бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді. Өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша жарыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар жас буынның зияткерлік және интеллектуалдық…
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған екінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны келесі аптада «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында басталады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қарағандыға әскери-патриоттық клубтардың, мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері жинала бастады. Әскери-патриоттық жиынға қатысушы бозбалалар әскери жарғыға сәйкес іс-шараға толық экипировкада келеді. Әскери-патриоттық мектептердің 20 тәрбиеленушісі Астанадан, 20-сы Қарағандыдан, 20-сы Шымкенттен, 40-ы Алматыдан, 20-ы Семейден, 20-ы Павлодардан келеді. Одан басқа, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының 26 кафедрасының 10 курсантынан, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысады. Жиын барысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сайыс, әскерилендірілген ойындар, зияткерлік байқаулар мен т.б. өткізілуі жоспарлануда.
Марапаттарды тапсыру, жас мотоциклистердің көрсетілімі, парашюттан секіру - «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жабылу рәсімі дәл осындай қызықтармен өтті. Бүгін жиын қатысушылары «Спасск» полигонында соңғы рет салтанатты сапқа тұрды. Осынау үш күн көзді ашып жұмғанша өте шыққанымен, жастар есінде жағымды естеліктер мен көңіл-күй қалды. Бұл уақыт аралығында теңдессіз тәжірибе мен білім алған және өздеріне жаңа достар тапқан жасөспірімдер патриоттық рухта үйлеріне қайтуда.
Бүгін Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын»бірінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. Іс-шара оқиғаларға және ұнамды сәттерге толы болды. Тұңғыш өткізілген жиында ҚР Қорғаныс министрінің қолынан награда берілгенсәтжастардың есінде қалды. «Мен парашютпен бірінші секіргенім үшін құрметбелгісіне ие болдым. Оны маған ҚР Қорғаныс министрінің өзі табыс етті. Бұл маған қанат бітірді, десантшы болсам деген арманым бар және болашақта Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлерінде қызмет еткім келеді. Қазақстанның бірінші республикалық жастар жиынына қатысқанымды мақтан тұтамын. Осы күндердегі көптеген сынақтарды біз лайықты игере алдық», - деді Шымкенттік «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Мұхаммед Ақашев. «Біз осы жарыстарды көптен күттік және дайындалдық. Аталған жиын біз үшін…
10-12 маусым аралығындағы үш күнде «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигоны шынайы далалық жағдайда өздерінің машығын, дене даярлығы мен қиындықтарды еңсеру шеберлігін көрсеткен жас Отан қорғаушылардың басқосу алаңына айналды. Жиынның жабылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларға жолдаған хатын жеткізді. Елбасының жастарға арналған хатында: «Қазақстанның әскери-патриоттық клубтарының үздік өкілдеріне, әскери мектептердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының әскери кафедралары студенттеріне шын жүректен ыстық ықыласымды білдіремін. Елімізде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы жас ұрпақты жауынгерлік қызметке даярлап жатқан 2 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым бар. Отанымызды – Мәңгілік…
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.