Жаңалықтар

Бүгін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жиынының үшінші күні. Жиын аяқталуға жақын, алайда осы шараға қатысқан 800-ден аса жасөсіпірім қыз-жігіттердің есінде бұл көпге дейін қалатынын сеніммен айтуға болады. «Спасск» полигонына келген жастар алдағы жиынды аса қызығушылықпен күтті. Дегенмен олар ҚР ҚК ең ауқымды және қызықты оқиғаларының бел ортасында жүретіндігін білген жоқ. Олар өздеріне қазақстандық жауынгердің рөлін сомдай отырып, әскери тапсырмаларды орындады, дене күші мен төзімділігін, патриоттық рухы мен достыққа адалдығын сынай отырып, кедергілер мен қиындықтарды еңсерді. Осынау бірнеше күн ішінде олар көптеген жаңа мәліметтер алып, теңдесіз тәжірибе мен білімді игерді, сондай-ақ жаңа дос-жарандар тапты.
Дабыл бойынша ұйқыдан тұру, қаруды алу, бастапқы ауданда таңғы ас ішу, барлаушылардың құпияндарда із кесуі, кедергілер жолағы, химиялық қауіп-қатер аймағы, миналық алаң – бұл телевизиялық содырдың сюжеті емес, мұның барлығы Спасск полигонындағы әскери-далалық тактикалық ойын. Оған үш құрама батальон: ЖОО-лардың әскери кафедралары, әскери-патриоттық клубтар және республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қатысты. Бүгін Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында өтіп жатқан «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының сайысу бөлімі аяқталады. Жиынға қатысушылар үшін барлығы нағыз армияда болып жатқандай. Бүгінгі таң жасөспірімдер үшін өте ерте басталды. 6.30-да палаткалы лагерьде жалпы дабыл жарияланды. Аз уақыт ішінде оларға тез жиналып, алаңқайда сап түзеу қажет болды. «Әскери-далалық ойын» атына…
Жауынгерлік дағдыларын көрсетуге дайын жасөспірімдерге даланың өкпек желі мен қапырық ыстығы кедергі бола алмады. Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар әскерилендірілген эстафета өткізді. Автоматты бөлшектеу және құрастыру, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, кедергі жолақтарынан өту, жаралыны алып өту, радио байланысты пайдалану – жасөспірімдер осынау даярлықтан әскери қызметшіден еш қалыспай өтті. Жүктелген міндетті сапалы орындап, жақсы нәтижелер көсетті. Олар қысқа мерзім ішінде барлық сынақтардан өтуі тиіс болатын. Әр оқушы тек бір аумақтан өтіп, эстафетаны аяқтаушы жаралыны құтқарғаны туралы баяндауы тиіс болды. «Әр топтан 8 адам қатысады, бұл жерде біздің топ газтұмылдырық пен желет…
Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Айбын» әскери-патриоттық жиыны аясында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыс өтіп жатыр.Сайысқа 800-ден астам адам қатысуда. Таңертеңнен бастап оқу-жаттығу полигонына көп адам жиналды. Сағат 7. 00-де дабыл белгісімен ұйқыдан тұрған жастар жаттығу мен таңғы астан соң күшпен көтерілу, белтемірге тартылу, жүгіру, қашықтыққа секіру, арқан тарту және өзге де спорт түрлері бойынша жетістіктерін көрсетуге жиналды. Жарыста бірінші болып шығу оңай шаруа емес. Алайда, белтемірге тартылу Семей қаласындағы «Жас ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушісі Руфат Марксовқа аса қиын болған жоқ. «Бірінші болып шығу жеребесі түсті, әрине қарсыластың қандай нәтиже көрсетері белгісіз. Дегенмен жақсы дайындық үздік нәтижеге жеткізері…
Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында бүгін Қазақстан Республикасының жастарын әскери-патриоттық дайындау жөніндегі белсенді іс-шаралар басталды. 15 пен 20 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер өздерінің керемет дайындығын паш етіп, палаткалы лагерьде Калашников автоматын жинап-шашуды көрсетті. Бұл ретте команда қыздары жігіттерге ешқандай дес бермеді, бұл жаттығуды олар 20-25 секундта жасап шықты. Осыдан кейін қатысушылар барлық әскер түрлерінің қолбасшылықтарымен кездесу мүмкіндігін алды. Сонымен, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов пен ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов ҚР ҚК әскерлерінің қызметі мен құрамы және даму перспективасы туралы әңгімеледі.…
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2019 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.