Жаңалықтар

Бүгін, 2015 жылдың 10 маусымы күні Қазақстандағы алғашқы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында ресми түрде басталды. Жиын қазақстандық белсенді жастардың 800-ден аса өкілінің басын қосты. Олар әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары атанып жүрген қыз-жігіттер, сондай-ақ республикалық әскери мектеп интернаттарының (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), «Жас ұлан» республикалық мектебі және «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындардағы әскери кафедралардың студенттері. Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. «Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштердің…
Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу полигонында алғашқы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысушы өкілдерден құралған делегациялар келе бастады. Қарағанды қаласының теміржол вокзалына еліміздің батыс өңірі – Маңғыстау облысынан «Жас теңізші» әскери-патриоттық клубы, ал Ақтау қаласынан – Каспий университетінің, сондай-ақ Петропавлдан Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедрасының студенттері жиынға бірінші болып келді. Жиынға қатысушыларды вокзалда дәстүр бойынша шашу шашып, әскери оркестрдің сүйемелдеуіменқарсы алды. Осыдан кейін жастар мен қыздар «Спасск» оқу-жаттығу орталығына бет алды. Аталған жерде олар далалық лагердің медициналық пунктінде тексеруден өтіп, қыздарды – жатаханаға, жігіттерді – шатырларға орналастырды. Бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан,…
Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, ұлттық құрама мүшелері, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ҚР біріншілігінің жеңімпаздары, Еуропа және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында 9 маусымда басталатын «Айбын» жастардың тұңғыш республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысады. Қарулы Күштердің қатарына әскери қызметке жастарды дайындау, олардың жауынгерлік қызмет өткеру кезінде қажет дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру, дене тұрғысында жетілдіру – алдағы жиынның негізгі міндеттері болып саналады. Оған Қазақстан жастарының ең мықты, ақылды және белсенді өкілдері қатысатын болады. «Бүгінгі өткізіліп отырған «Айбын» 1-ші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ұйымдастырушыларына, яғни Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне өзімнің атымнан және генерал Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов…
Жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру–ағымдағы жылдың 9-13 маусымында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтетін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының басты міндеттері болып табылады. І Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны ерекше жиын болмақ. Оған қатысатын жастардың саны рекордты нәтижені көрсетіп отыр. Олардың ішінде тұңғыш ретҚазақстанның 16 өңірінен жиналған әскери-патриоттық клубтарынан 320 тәрбиеленуші, 8 республикалық мектеп-интернатынан (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Семей, Павлодар, Ақтөбе), «Арыстан» лицейі мен «Жас ұлан» мектебінен 160 тәрбиеленуші, жоғарғы оқу орындарынан 25 әскери кафедраның 250 студенті, топ басшыларынан шамамен 80өкіл бар. Сегіз жүзден астам қатысушы өздерін нағыз жауынгер ретінде көрсете алады. Олар полигон сынақтарында…
Ағымдағы жылғы маусымда тұңғыш рет Қазақстанда Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында «Айбын» жастардың республикалық әскери-патриоттық жиыны өтеді. Шараға еліміздің барлық аймағынан 800-ден астам жас буын өкілі қатысады. Жастар мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің имиджін арттыру және дене даярлығы мен спортты насихаттау өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі басым бағыттар болып табылады. Жастардың бойында өзінің Отанын қорғауға дайын жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттері қалыптасуы тиіс. Осы мақсатта түңғыш рет Қазақстанда республикалық әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтар, спорттың әскери қолданбалы түрлері бойынша облыстық және қалалық сайыстардың жеңімпаздары, республикалық әскери мектеп интернаттарының (Алматы, Қарағанды, Шымкнет, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), «Жас ұлан» республикалық мектебі…
Страница 17 из 17
Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.