«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жыл сайын маусым айында, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу - жаттығу орталығында өткізіледі. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен, Астана және Алматы, облыс әкімдіктерінің, Мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорын «Әскери-техникалық мектеп», «Айбын» Республикалық жас патриоттар бірлестік штабының, Қазақстан жастар Конгресінің қолдауымен өткізіледі.
Дәстүрлі түрде жыл сайын әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, республикалық (облыстық) мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының студенттерінің қатысуымен «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Іс-шараның іске асыру 2020 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасының жоспарына енгізілген.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның мақсаттары мен міндеттері
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мақсаты:
1) Басқа елдер мен жас патриоттар бірлестігі арасында одақтастықты нығайту;
2) Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды нығайту;
3) Қазақстан Республикасында жас патриоттар қозғалысын дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынның міндеттері:
1) Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды жоғарылату, әскери-патриоттық клубтар қызметі және олардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын бақылау;
2) Жастар арасындағы халықаралық және ұлтаралық достықты нығайту, жастардың халықаралық келісім және құрметтеу рухында тәрбиелеу;
3) Жастарды Қарулы Күштерінің әскери қызметіне дайындау, әскери қызметін өтеуде олардың дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру;
4) Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 2017 жылы маусым айында Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу - жаттығу орталығында өтеді.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынға қатысу үшін топтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне 010000, Астана қ. Достық к. 14 үй, факс: +7 (7172) 50 41 97 мекен жайы бойынша 20 мамырға дейін өтініш береді.
Топ жетекшілері 30 мамырдан кешіктірмей келетін күндері және уақыттары, көлік түрлері туралы Карибжанов Ержан Коптылеуович, Идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы, эл. почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., тел. +7 (7172)72 16 36, +7 778 428 0717, Али Салтанат Файзуллаевна, Әскери-патриоттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің бастығы, эл. почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., тел. +7 (7172) 44 25 97, +7 701 379 69 55 телефоны бойынша ұйымдастырушыларға хабарлауы керек.
«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар өтетін орнына алдын ала келеді. «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны бағдарламасында қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, идеологиялық жұмыстар жүргізіліп, мәдени-концерттік бағдарламалармен толықтырылады.
Қолданбалы спорт жарыстарының бағдарламасы негізгі күш жаттығулары, жастардың дене дайындығын анықтау және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстармен толықтырылады.
Жарыстардың өту уақыты: 12-17 маусым 2017 жыл.
Өткізілу орны: Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу – жаттығу орталығы.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша сайыстарды өткізуге және ұйымдастыруға, жалпы басшылыққа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті және Бас штабының әскери-дайындық Департаменті жауапты.
Өткізілу тәртібіне және қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы бастығы – Спорт комитеті төрағасы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери- дайындық Департаменті бастығы анықтайды және тағайындайды.
Орналасқан жері: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери - патриоттық орталығы» мемлекеттік республикалық мекемесі.
Мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Республика даңғылы 2, 205 кабинет.
Байланыс телефондары: тел.: +7 (7172) 44 25 73 (қабылдау бөлімі), «Айбын» республикалық жас патриоттар бірлестігінің штабы – тел.: +7 (7172) 44 25 97, +7 701 379 6955, +7 775 225 4451, Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., сайт: www.aibyn.kz