«Айбын» бірінші жиын

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны (2015 ж.)

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны (2015 ж.)

Әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мақсатында «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 2015 жылдың 9-нан 13-не дейінгі маусым кезінде «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында өткізілді. Әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, республикалық (облыстық) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасы студенттері қатысты. Барлығы – 803 адам.

Жиын барысында әскери дайындық пәндері және әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстар, әскерлендірілген эстафета, әскери-далалық тактикалық ойындар, әскери техникалық және қару-жарақтар көрмесі, аудандық әскери-патриоттық клубтардың көрнекі құралдары (жабдықтар, спорттық жабдықтар, клубтар қызметі туралы қабырға және т.б.), «Әскери-техникалық мектеп» РМҚК тәрбиеленушілерінің қойылымдары, мәдени іс-шаралар (сұхбаттар, кездесулер, концерттер, әскери-патриоттық тақырыптағы фильмдер көрсету, спорттық ойындар және т.б.) өткізілді.

.

Әскери-патриоттық жиын қорытындысы бойынша командалық есепте орындар бөлінді:

Аудандық әскери-патриоттық клубтар арасында:
I орын – Астана қаласы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубы;
II орын – Ақмола облысы «Айбын» әскери-патриоттық клубы;
III орын – Қостанай облысы «Сармат» әскери-патриоттық клубы;

Мамандандырылған әскери мектеп-интернаттар арасында:
I орын – Қарағанды қаласы Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бегелдинов атындағы Қарағанды Республикалық әскери мектеп-интернаты;img 892 2816
II орын – Алматы облысы «Арыстан» мамандандырылған лицейі;
III орын – Алматы қаласыБ.МомышұлыатындағыРеспубликалықәскеримектеп-интернаты;

Жоғары оқу орындары әскери кафедралары арасында:
I орын – Өскемен қаласыД. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасы;
II орын – Петропавл қаласы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы;
III орын –Қарағанды қаласы Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасы;

Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.