«Айбын» екінші жиын

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны (2016 ж.)

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны (2016 ж.)

«Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны, ҚР Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған, 2016 жылдың маусым айында «Астана» Өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында өтті.

Екінші «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына 800 астам жас патриоттар - әскери мектеп-интернатының, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, басқа елдердің жоғары оқу орындары әскери кафедрасының тыңдаушылары жиналды. Әскери-патриоттық жиынға қатысушылар іс-шараға әскери жарғыға сәйкес толық жабдықталып келді. Жиын барысында әскери дайындық пәндері және әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстар, әскерлендірілген ойындар, интеллектуалдық сайыстар және т.б. өтті.

Әскери-қолданбалы спорт түрінен сайыстарда, әскери-далалық тактикалық ойындарда, «Айбын дарыны» интеллектуалдық сайыстарда және робототехникалық сайыстарда Қорғаныс министрінің өз қолымен үздіктерге марапаттаулар мен сыйлықтар берілді. «Менің роботым» сайысы бойынша жеңімпаз Рахатов ДастанӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра студенті, «Менің ұшқышсыз ұшатын аппаратым» - Бердигулов Кайсар «Арыстан» мамандандырылғанimg 900 2858 лицейі тәрбиеленушісі, «Айбын дарыны» интеллектуалдық сайысы бойынша үздік Кенжеханов Ерганат Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі тәрбиеленушісі болды.

«Айбын» жиыны абсолютті жеңімпаздары және әскери-далалық тактикалық ойындар бойынша жеңімпаздар Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі тәрбиеленушілері болды. Жалпы командалық бірінші орындарды келесі үлгіде бөлінді: әскери-патриоттық клубтар арасында үздік болып Ақмола облысының «Батыр» әскери-патриоттық клубы, ЖОО әскери кафедралары арасында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, республикалық әскери мектеп-интернаттары арасында – Семей қаласы мамандандырылған мектеп-лицейі.

Nlogo Rus
Sovet Rus
100 Shagov Rus
Modern3 Rus
© 2018 Барлық құқық қорғалған.Халықаралық әскери-патриоттық жиын "Айбын". https://arctika.kz
facebook instagram vk

Please publish modules in offcanvas position.